Қазақстанда мектеп оқушыларының үй тапсырмасын қысқартады
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп тапсырмаларын азайтуды жоспарлап отыр. Министр бұл туралы Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.
«Біз электронды күнделік жасауды және ең маңыздысы мектеп дәліздерінде шкаф ортануды көздеп отырмыз. Айтқандай, үй тапсымасы азайтылатын болады. Бүгін немесе ертең екі мектеп директоры мен әдіскері дайындаған үй тапсырмасы көлемі жөнінде хабарлама шығады. Бізде 40 минутқа дейін үй тапсырмасын қысқарту туралы ұсыныс бар. Мүмкіндігінше барлық пән бойынша үй тапсырмасы берілмегені жөн», – дейді министр.
Бұған дейін министр әрбір сыныпта Wi-Fi орнату және демеушілік қаржыны мектептерде пайдаланудың ережесін де айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Мұxамедиұлы театрлар мен музейлерді тегін етуді ұсынды
Қазақстанда жаңа телеарна ашылады
Қазақстандық ғалымдар медицинада жарақаттың орнын таңуға арналған желім жасап жатыр
Талқылау