Қазақстанда мектеп оқушыларына еркін киінуге рұқсат берді
Қазақстанда оқушыларға мектеп формасын сатып алу міндетті емес, өздеріне лайық, ұқыпты және таза киім кисе де болады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова ОКҚ-да өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің айтуынша, мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды.
"Ата-аналарды мазалап жатқан тағы бір үлкен мәселе – мектеп формасы. Осы оқу жылының басында тиісті бұйрық шығарылып, толық оқу жылында мектеп формасын сақтамау бойынша ұстаным қабылданған болатын. Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты тағы қайталап айтамыз, мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне лайықты, таза, ұқыпты киіммен мектептегі сабақтарға қатыса алады", - деді Қаринова.
- Ата-аналарының жалақасы жайлы эссе жаздырған мектеп ұстаздары қарағандылықтардың ашуын тудырды
- Қазақстанда көп балалы аналарға 8 наурызға орай қандай жәрдемақы беріледі?
Еске салайық, 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары оқытудың аралас форматына көшті.
Осылайша, мектеп оқушыларының 47%-ы тұрақты форматта, ал 53%-ы қашықтан оқиды.
Талқылау

"Актер Жан Байжанбаев жарнамалаған": Алматылық ана қызының киноға түсуі үшін кастинг компаниясының 1,5 млн теңге несие алдыртуға мәжбүрлегенін айтты
Анасының айтуынша, келген жерде ұзын-сонар кезек болған

"Түнде көмек сұрап шыңғырған": 16 жасар алматылықтың кісі қолынан мерт болғанын жақындары үш жылдан бері дәлелдей алмай жүр
Олар полиция істі бұрмалап отыр деп санайды