Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда маркетплейстер арқылы қауіпті тауарларды сатуға тосқауыл қойылады

Ноутбук және қораптар салынған арбаФото: freepik.com

Үкімет отырысында "Қазпошта" компаниясының басқарма төрағасы Бекежан Жакеев маркетплейстер арқылы фальсификат және қауіпті тауарларды сатудың жолын кесуге арналған шараларға тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазпошта" басшысы фальсификат немесе қауіпті тауарлардың сатылуын жол бермеу үшін Сәйкестікті бағалаудың адал тәжірибесі жөніндегі басшылықты енгізуді ұсынды.

"Аккредиттелген құрылымдармен өзара әрекеттесуді жеңілдету мақсатында, сондай-ақ ЕАЭО-ның техникалық реттеу жөніндегі қағидалары мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасының B2B-маркетплейстері деңгейінде міндетті түрде қолдануға жататын Сәйкестікті бағалаудың адал тәжірибесі жөніндегі басшылықты енгізу ұсынылады", – деді ол.

Бұл мақсатта мынандай тетіктер ұсынылады:

- Шетелдік өндіруші маркетплейсте өнімнің сәйкестігіне жауапты уәкілетті тұлғамен шарт жасасады.

- Уәкілетті тұлға сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органда өнімді сәйкестендіру жұмыстарын жүргізеді. Егер өнім сәйкестікті растауға жатпайтын болса, бас тарту хаты (идентификация актісі) рәсімделеді. Егер жататын болса, онда маркетплейсте тауарды жариялауға тек сертификат немесе декларация жүктелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

"Бұл механизм фальсификат немесе қауіпсіз емес тауарлардың сатылуын болдырмауға, адал тұтынушылар мен қазақстандық импорттаушыларды қорғауға, процесті ашық әрі ЕАЭО нормаларына сай етуге және Қазақстандағы цифрлық саудаға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Бекежан Жакеев.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 15:08
Талқылау
`