Қазақстанда мамырдың ортасына қарай аптап ыстық болады
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" мамандары Иран аймақтарынан жылы ауа массасы келуі себебінен еліміздің оңтүстік және орталығында аптап ыстық болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, 15 мамыр күні күндізгі уақытта оңтүстік аймақтарда ауа +35...+44 градусқа дейін, орталықта +35...+38 градусқа дейін, ал Ақмола облысында +30...+35 градусқа дейін ысиды.
Елдің батысы мен солтүстігінде ауа райы сәл салқындау болады. Бұл өңірлерге циклон әсер етіп, жаңбыр мен найзағай әкеледі. Кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
Ғалымдар жаһандық жылынуға әлемнің байларын кінәлады
"Дайын болыңыз, күтпеген тосынсыйлар келеді" – Мамыр айына арналған жұлдыз жорамал
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер мамырда Қазақстанның басым бөлігінде орташа температура нормадан 1°С жоғары болатынын айтқан еді. Шығыс Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу, Абай облыстарында ауа температурасы қалыпты деңгейде қалады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
