Қазақстанда магистратураға бөлінген грант иелері анықталды
Қазақстанда комиссия магистратураға түсуге үміткерлерге 10202 грант бөлді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
" 7 қыркүйекте, түске дейін біздің комиссия қорытынды кеңес өткізіп, онда дайындықтың барлық бағыттары бойынша грант иегерлері анықталды. Республикалық комиссияның құрамына тиісті мемлекеттік органдар кіреді, бизнес-қоғамдастық, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдері бар", - деді Тойбаев Facebook-тегі тікелей эфир кезінде.
2020-2021 оқу жылына магистратураға түсу үшін барлығы 12 829 грант бөлінді, оның ішінде 12 119 - ы ғылыми-педагогикалық бағытта және 710-ы бейіндік бағытта.
"Бүгін комиссияда 10 202 грант тағайындалды, оның 128 - і бейінді бағыт бойынша", - деді Тойбаев.
Педагогикалық бағыттар бойынша 3267 грант тағайындалды;
- өнер саласында - 570 грант;
- журналистика және ақпарат саласында - 401 грант;
- кәсіпкерлік бойынша - 825;
- жаратылыстану, математика, статистика бойынша - 953 грант;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша - 1,170;
- инженерлік бағыттар бойынша - 2 250;
- ауыл шаруашылығы бағыты және биоресурстар бойынша - 204;
- ветеринария саласында - 72 грант;
- денсаулық сақтау - 115 грант.
"Республикада ең жоғары кокурс шет тілі педагогтарын даярлау бағыты бойынша болды. 150 балдың 134 балмен өтті. Ал ең төменгі конкурс ветеринария бағытында орын алды", - деді Әділет Тойбаев.
17 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында компьютерлік форматта магистратураға түсушілер үшін кешенді тестілеу өтті. Бастапқыда 38 199 қатысушы өтініш берді. Оның 34 746-сы қатысты, оның ішінде 13 051 қатысушы 75 баллдан аса алды.
Грант иегерлері 11 қыркүйекке дейін жоғары оқу орындарына қабылдау үшін барлық тиісті құжаттарды тапсыруы тиіс. Мұны университетке бармай-ақ виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жасауға болады. 8 қыркүйекке дейін әкімдіктер бөлетін "магистратура" бағытына құжаттар қабылдау жүргізіледі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
