Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "қоңыр-қызыл" аймаққа кірген өңірлердегі бизнес нысандардың жұмыс істеу тәртібі өзгерді

Қазақстанда “қоңыр-қызыл" аймақтағы кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты 9 тамыздан бастап өзгертіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ашық

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті. 

Комитеттің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyқ жобасын іске асыру туралы" соңғы 33-қаулысында "қоңыр-қызыл" аймақтардағы "Ashyq лидерлері" мәртебесі бар нысандар 9 тамыздан бастап сағат 00:00-ге дейін, басқа Ashyq қатысушылары – 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Бұған дейін  "қоңыр-қызыл" аймақтағы "Ashyq лидерлері" мәртебесі бар нысандар жұмыс күндері тек 20:00-ге дейін жұмыс істеген.

Бұл аймақтарға бес қала кіреді – Нұр -Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды. Аймақтардың санитарлық дәрігерлері жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды күшейте алмайды.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сауда және ойын-сауық орталығын қоса алғанда, Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істейтін барлық нысандардың жұмысы ұзартылғанын растады. 


БСН (БИН) дегеніміз не?

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр