Қазақстанда коронавирустың "үнді" штаммы табылды: Елімізде локдаун енгізіледі ме
ҚР премьер-министрінің орынбасары Қазақстанда коронавирустың "үнді" штаммының табылуына орай қатаң локдаун енгізілуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгінгі таңда республика аумағында локдаун енгізу қарастырылып жатқан жоқ. Кеше ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтанда шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. Мұны барлығы аурудың өршуін алдын алу шаралары. Нақты нысандарға байланысты шектеу шаралары жүзеге асырылады. Алдағы уақытта эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне қарай жұмыстар жүргізілетін болады", - деді Тоғжанов.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде коронавирустың "үнді" штаммы табылған еді. Осыған орай, Қазақстанда бірқатар карантиндік шаралар өзгертілді.
Алматыда коронавирустың "үнді" штаммы анықталды: Қалада карантин күшейтіледі ме
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”