Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан 23 және 24 жастағы қазақстандықтар көз жұмды

Коронавирустан Түркістан облысының 1997 жылы және 1996 жылы туған тұрғындары көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

коронавирус

Қаза болғандар туралы мәліметтерді талдау COVID-19-ды таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтері негізінде жасалды.

Ең қарт адам Қарағанды облысының тұрғыны болды. Ол 92 жасында қайтыс болды.

80 жастан асқан азаматтар арасында (1940 жыл және одан жоғары) - соңғы аптада 18 адам қаза тапты, оның ішінде 10 ер адам және 8 әйел. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарының тұрғындары болды. Ең көбі Нұр-Сұлтанда - үш ер адам және төрт әйел.

70-80 жастағы (1941 - 1950 жылдары туған) азаматтар - 54 адам қаза тапқан, оның ішінде 25 ер және 29 әйел. Осы жастағы азаматтардың көбі Нұр-Сұлтанда - 17 ер адам мен 19 әйел.

60-70 жастағы азаматтар (1951-1960 жылдары туған) - өткен аптада 68 адам көз жұмды. Оның ішінде, 42 ер кісі және 26 әйел. Ең көбі Нұр-Сұлтанда - 23 ер және 12 әйел, Түркістан облысында - 5 ер және 2 әйел қайтыс болды.

50-60 жастағы (1961-1970 жылдары туған) қаза тапқан азаматтар саны - 38, оның ішінде 25 ер адам және 13 әйел бар. Нұр-Сұлтанда 11 ер адам мен 10 әйел бақилық болды.

40-50 жастағы азаматтар арасында (1971-1980 жылдары туған) апта ішінде 23 адам көз жұмды, оның ішінде 15 ер кісі және 8 әйел. Ең көп Нұр-Сұлтанда қаза болды - 8 ер адам және 4 әйел. Сондай-ақ, Алматы қаласынан (4 ер адам), Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарынан көз жұмғандар бар.

30-40 жас аралығындағы (1981-1990 жылдары туған) 5 адам, оның ішінде бір ер адам және төрт әйел адам қаза тапқан. Олар Нұр-Сұлтанның, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары болды.

Көз жұмған төрт жас азамат - 1991, 1997 және 1996 жылдары туған Түркістан облысының тұрғындары, сондай-ақ 1994 жылы туған астаналық қыз.

️3-19 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 210 адам көз жұмды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр