Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың балаларға әсері өте қауіпті салдарға әкелуі мүмкін

Коронавирус инфекциясының балаларға әсері өте ауыр салдарға әкелетінін БҰҰ-ның балалар қоры айтты (ЮНИСЕФ). Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

балалар

"Коронавирустың балаларға әсері ұзақ мерзімді және тіпті қорқынышты салдарларға әкеледі. Мәселен, пандемияның алғашқы төрт айында 28 жыл ішінде алғаш рет көкжөтел, дифтерия және сіреспеден базалық үштік екпені алған балалар саны күрт қысқарды. 30 елде қызылшаға қарсы иммундау бағдарламалары тоқтатылды", - деп хабарлайды БҰҰ баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, мектептердің жабылуына байланысты 150 елде 1,2 млрд жуық бала оқи алмайды.

"Бұл олардың психологиялық жағдайына әсер етеді, сондай-ақ білім беру саласындағы теңсіздікті көрсетеді", - деп толықтырды ЮНИСЕФ-те.

Талқылау