AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай вакциналар қалды?

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның қанша дозасы қалды? Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, елімізде үш вакцина түрі қолжетімді: QazVac (Қазақстан), Sinopharm (Қытай), Pfizer (АҚШ).

"Бүгінгі күнге вакциналау үшін "Спутник V" және ревакцинация үшін "Спутник Лайт" вакциналары жоқ. Аталған вакциналға халықтың сұранысы жоқ. Қазақстан Республикасында 11 шілдеге коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 1,6 миллион дозасы бар. Оның ішінде 1,2 миллион доза Sinopharm, 357,4 мың QazVac және 121,5 мың Pfizer вакциналары", - деп хабарланды министрліктен. 

Қазіргі уақытта вакциналау және қайта вакциналау шаралары жалғасуда. Ал қалған вакциналар азаюда. Министрліктің хабарлауынша, қосымша вакцина алу мәселесі екінші жартыжылдықтағы қажеттілікке қарай қарастырылады. 



Айта кетейік, соңғы күндері елімізде эпидемиялық ахуал нашарлауда. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет тәулігінен мыңнан аса вирус жұқтырған адам тіркелді. Қазіргі уақытта Алматы "сары" аймақта. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр