Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жасыру мүмкін емес - ДСҰ

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова Қазақстанда коронавирус инфекциясын неге жасырын түрде емдеу мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Аурудың өзі жеңіл формадан бастап, асқынған формасына дейін жүреді, оны жасыру мүмкін емес. Қазір жапондық лайнерден карантинге түскен жолаушылар телефон, әлеуметтік желілер мен ғаламторға кіре алады. Олар өздерінің мәліметтерін ғаламтор арқылы туыстары мен оқырмандарына тарата алады. Науқастан оның науқас екенін жасыру мүмкін емес. Ақпарат кеңістігі толығымен ашық", - деді Бюрабекова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мұндай науқастар коронавирус пен күрделі тұмауды емдеудегі үлкен айырмашылықты байқайды.

Мәселен, Қытайдан және жапон лайнері Diamond Princess - тен келген науқастар, қазір Қазақстанның медициналық мекемелерінде карантинде жатыр, олар дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қорғаныс костюмдерінде көреді. Медицина қызметкерлері мұндай науқастарға 14 күндік карантин аяқталғаннан кейін қорғаныш костюмдерінсіз жүре алады.

Егер кез-келген науқаста коронавирус анықталса, ауруханаға жатқызу жалғасады, медицина қызметкерлері де осындай науқаспен қорғаныш костюмдерінде ғана өзара әрекеттеседі.

Бюрабекова коронавирусқа күдікпен ауруханаға жатқызылған кейбір науқастарда жәй ғана тұмау болғанын растады. Олар ауруханаға жатқызылды, бірақ олар тұмаумен емделіп жатқандықтан, дәрігерлер мұндай науқастармен араласқанда қорғаныс костюмдерін қолданбаған.

"Жалпы, вирусқа қарсы терапияның еш айырмашылығы жоқ, бірақ егер коронавируспен ауыр асқынулар болса, онда Қытайда басқа да маңызды дәрі-дәрмектер қолданылған. Біз де олардың қорын сатып алдық", - деді Бюрабекова.

Оның айтуынша, әзірге бұл дәрі-дәрмектерді қолданудың қажеті жоқ, өйткені Қазақстанда коронавирус ауруы тіркелген жоқ.


 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2020 жылдың жазында ауа райы қандай болады

Синоптиктер осы жылдың жазы мен күзіне арналған ауа райы болжамын ұсынды

42500 теңге алуға 1 млн табысы бар азаматтар да өтініш берген - Еңбек министрлігі

Осындай екі мыңға жуық азамат өтініш берген

Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді

Әнші бұл туралы өзі аййтпаған

Еңбек министрі банкте есепшоты жоқ адамдарға 42500 теңгелік төлемді қалай алуға болатынын айтты

Министр: Банкте есепшот ашуға асықпай-ақ қойсаңыздар болады

Білім министрлігі телеарнадағы сабақтар неге 10 минутқа ғана созылатынын түсіндірді

Шолпан Каринова бейнесабақты көргеннен кейін оқушы өз бетінше жұмыс істеу үшін белгілі бір тапсырмалар алатынын айтты.

Бейресми жұмыс істеген қазақстандықтар 42500 теңгені алатын болды ма? Министр түсініктемесі

Еңбек министр: Ол үшін өз дәрежелеріңізді рәсімдеулеріңіз керек

Декреттегі аналарға 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш білдіруге рұқсат берілді

Министр: Балалы әйелдің декретте жатқанына бір жылдан асса, жәрдемақыға іліне алады

42500 теңге: Еңбек министрі "жаңа өзгерістер" туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Министр әлеуметтік желі авторларының жазбасына жауап берді

42500 теңге жәрдемақыны алу үшін өтінім беруге арналған жаңа бот іске қосылды

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіру керек

Тоқаев коронавирусты анықтайтын тест жасап шығарған қазақстандық ғалымдарды құттықтады

Тоқаев екі ғылыми орталықтың ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі
Çàãðóçêà...