Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар қанша сомада жәрдемақы алды
Фото: pixabay.com
Биыл Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға жалпы 354,5 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді. Осылайша, орта есеппен 856 мың отбасы мен әйел мемлекеттен қолдау алды. Көпбалалы отбасыларға 613 мыңға жуық отбасы, ал наградталған аналарға 243 мыңға жуық адам қамтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, шілде айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен жалпы сомасы 49,7 миллиард теңге мөлшерінде 846,1 мың отбасы, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 43,1 миллиард теңге сомасына 601,2 мың отбасы; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 6,6 миллиард теңге сомасына 244,9 мың адам қамтылды.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшеріне жетті.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
- "Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
- "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
Биыл 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5% артқан.
Қазақстанда ең төменгі жалақы көтерілмейтін болды
Еске салайық, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақылар 10%-ға дейін өсетінін хабарлады. Бұл үшін бюджеттен 622 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Өсім ынтымақты және базалық зейнетақыларға, мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша төлемдерге, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды бағып отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақыларға қатысты болады.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
