"Субсидияға бөлінген 110 млн теңгені құмар ойынға жұмсаған": Жетісу облысында ЖШС басшысы мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com
Қаржы мониторингі агенттігі Жетісу облысында субсидия жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Күдікті – ЖШС-нің басшысы екі жыл бойы жалған құжаттар пайдаланып, мемлекет тарапынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде алып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асқан.
"Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысулар туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған. Сонымен қатар заңсыз алынған 110 млн теңге мөлшеріндегі субсидия күдікті тарапынан құмар ойындарға жұмсалған", – делінген Қаржы мониторингі таратқан хабарламада.
Сот санкциясымен құны 300 млн астам теңге болатын зауытқа тыйым салынды.
Күдіктіге қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"