Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда түрмеде отырғандарға рақымшылық жасау жоспарланып отыр: Тізімге кім ілігеді

Түрме - freepik.comФото: freepik.com

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын жұмысқа алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат Снежанна Имашеваның мәлімдеуінше, заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында әзірленген. 

Заң жобасында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, сондай-ақ жүкті әйелдерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді және оларға теңестерілген адамдарды, зейнеткерлерді және басқаларды босату ұсынылған. 

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ журналистерге берген сұхбатында қанша адамға рақымшылық жасалуы мүмкін екенін айтты.

"4,1 мың адам босатылады. Алдын ала болжам бойынша, 632-ге жуық сотталған түзеу мекемелерінен, тағы 3,5 мың адам пробациялық бақылау тізімінен босатылады. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарындағы 5,4 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 5,5 мың адам үшін өтелмеген жаза мерзімі қысқартылады. Жалпы алғанда 11 мың адамның мерзімі қысқартылады", – деп мәлімдеді депутат.

Оның айтуынша, рақымшылыққа 833 әйел ілігеді: олардың 109-ы бостандыққа шығады, ал 724-інің жаза мерзімі қысқартылады.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 04 Маусым, 2025 14:38
Талқылау