Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгерді

Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия COVID-19 жағдайы бойынша "сары" және "жасыл" аймақтардағы өңірлер үшін қоғамдық көліктің жұмыс кестесінің өзгергені туралы хабарлады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қоғамдық көліктің жұмысын басқа қызмет түрлерімен үйлестіру туралы шешім қабылданды.

"Жасыл" аймақта орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы бір апта ішінде 23.00-ге дейін ұзартылады.

"Сары" аймақта орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 23.00-ге дейін ұзартылады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы қатаң карантин енгізу туралы сөз қозғады. Сондай-ақ Тоқаев медициналық мекемелер коронавирустың екінші толқынына дайын еместігін айтып сынаған еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 17 Қараша, 2020 19:09
Талқылау