Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қырғыз музыканты Викрам Рузахуновты азаптаған күдіктілер анықталмай жатыр

Қазақстанда қаңтар оқиғалары кезінде заңсыз ұсталып, зәбір көрген қырғызстандық джаз музыканты Викрам Рузахуновты азаптаған күдіктілер әлі анықталмай алмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

викрам рузахунов 22

"Бүгінгі күні бұл іс бойынша Алматы қаласы, Алматы облысы ІІД, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінен жауап алынды, алайда күдіктілердің қатарын анықтау мүмкін болмай отыр", - деп жауап берген Бас прокуратура.

Қадағалау органында түсіндіргендей, "бейнежазбалар, келушілер мен жеткізілген адамдарды тіркеу журналдары жоқ, барлық қызметкер бетперде киген, оның ішінде медициналық бетперде де болған".

"Рузахуновтың қатысуымен қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ол тергеу органына бірнеше рет шақырылған. Қазіргі таңда оны қауіпсіздік шараларымен жеткізу үшін келіссөздер жүргізілуде", – деп қосты Бас прокуратурада.



Еске салайық, 9 қаңтар күні Қазақстанның мемлекеттік телеарнасы 2 қаңтарда Алматыға билет сатып алғанын және митингілерге қатысқаны үшін Қырғызстаннан 90 мың теңге алуға келгенін айтқан, әбден соққыға жығылған азаматты көрсетті. Алайда бұл азаматты көпшілік бірден танып, оның қырғыз музыканты Викрам Рузахунов екені белгілі болды. Халық арасындағы резонанстан кейін Рузахуновты дереу отанына қайтарған. Ал 10 ақпанда музыкант өзін қазақстандық күш құрылымдары азаптағанын, өлімнен әзер аман қалғанын айтқан.

14 ақпанда Қазақстанда Рузахуновты азаптау фактісі бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі болды. 17 ақпанда Қырғызстан прокуратурасы да Рузахуновты азаптау фактісі бойынша іс қозғаған болып шықты.

2 шілдеде Қазақстанда Рузахуновтың денсаулығына келтірілген зиян "ауыр" деп танылғаны туралы жазған болатынбыз.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 26 Шілде, 2022 13:15
Талқылау