Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда киберфутболдан ұлттық құраманы іріктеу турнирі өтеді

киберфутболФото:ҚФФ

Сәуір айында Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен киберфутболдан ұлттық құраманы жасақтауға арналған ел чемпионаты өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Турнирдің басты мақсаты еліміздегі үздік ойыншыларды анықтап, халықаралық аренадағы байрақты бәсекелерге жол ашады.

Жарыс үш негізгі дисциплина бойынша ұйымдастырылады:

    •    6 сәуір – eFootball (Console)

    •    20 сәуір –  Rocket League

    •    27 сәуір –  eFootball (Mobile)

Барлық матчтар онлайн форматта өтеді. Чемпионатқа 16 жастан асқан кез келген қатысушы қатыса алады.

Турнир қорытындысы бойынша 10 ойыншыдан тұратын кеңейтілген ұлттық құрама жасақталады.

Кейін осы тізімнен халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын негізгі құрам іріктеледі.

Айта кетейік, жоба FIFA ұйымдастыратын FIFAe киберспорт жүйесі аясында жүзеге асады. 2026 жылғы маусымда ұлттық құрамалар бірнеше кезеңнен тұратын халықаралық жарыстарға қатысады.

Алдымен ұлттық  құрамаға іріктеу кезеңдері өтсе, кейін командалар FIFAe Nations League турнирінде бақ сынайды. 

Нәтижесінде үздік құрамалар құрлықтық чемпионаттарға жолдама алады.

Құрлықтық додаларда үздік атанған командалар маусымның басты жарысы FIFAe World Cup 2026 турниріне қатысу мүмкіндігіне ие болады. Шешуші сын Сауд Арабиясында өтеді.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 20 Наурыз, 2026 00:34