Қазақстанда келін өзін балағаттаған енесін сотқа берген
Фото: freepik.com
Қызылорда облысында келін өзін балағаттаған енесін сотқа берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімшілік іс "отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер" бабы бойынша Қазалы аудандық сотында қаралды.
Белгілі болғандай, ене келініне балағат сөздер айтып, оған құрметсіздік танытып, отбасы тыныштығын бұзған. Келіні енесінің ауыр сөздеріне шыдай алмай, соттан шара қолдануды сұрап, шағым түсірген.
"Miss Kazakhstan – 2022" байқауының жеңімпазы ауылдағы келіндік өмірін көрсетті
Қазақстандық әйел енесінің атына келісімінсіз несие рәсімдеп, бостандығынан айырылды
Іс материалдары бойынша ененің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны дәлелденді.
Қазалы аудандық сотының қаулысымен ене кінәлі деп танылып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Еске салсақ, бұған дейін келінін балағаттаған қызылордалық "қайын атаға" арақ ішуге тыйым салынған еді.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
