Қазақстанда қару иелеріне арналған жаңа ережелер енгізіледі
Фото:depositphotos.com
Қазақстанда қару иелері мен жеке күзет ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін Мәжіліс депутаттары күзет қызметі мәселелеріне қатысты түзетулер пакетінің екінші оқылымын мақұлдады. Заң жобасы қаруды сақтау және айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту үшін әзірленген. Ол қаруға ие жеке тұлғалар мен ұйымдарға, сондай-ақ күзет қызметі индустриясына қатысты.
Қару иелері үшін
- Азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы қару иелеріне мемлекеттік пуль-гильза қорын құру үшін бақылау атқылау міндеттеледі
- Қаруы бар заңды тұлғалар қызметі тоқтатылған жағдайда, қаруды 10 жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына өткізіп, сол жерде сақтауы тиіс.
Жеке күзет ұйымдары үшін
- Уәкілетті органға тұрақты есеп беруді міндеттеу.
- Қызметін тоқтату, қайта бастау немесе аяқтау туралы уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ету.
- Күзет ұйымдарының филиал басшылары қарапайым күзетшілермен теңестіріліп, соларға қойылатын біліктілік талаптарына сай болуы керек.
Мемлекеттік пуль-гильза қоры
- Оны қалыптастыру тәртібі нақтыланады және қару айналымына бақылау күшейтіледі.
Заң жобасына "әскери теміржол күзеті" деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл құрылым транзитке қатысатын негізгі теміржол терминалдарында жүктер мен теміржол нысандарын тәулік бойы күзетуді қамтамасыз етеді.
Құжат күштік және арнайы органдар қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібін де нақтылайды.
Енді заң жобасын Сенат мақұлдауы керек, содан кейін ол Президенттің қол қоюына жіберіледі.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады