Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда карантиндік режим қашан жойылады – Бас санитар дәрігердің жауабы 

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдымен Қиясов ведомствоаралық комиссияда карантиндік іс-шараларды жеңілдету бойынша бірқатар қадамдардың ұсынылғанын және жақын арада өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылданатынын айтты. 

"Карантиндік режимді тоқтату туралы айтуға әзірге ерте. Алдымен еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта болуы тиіс. Және бізде коронавирус індеті таралуының санаты бар, яғни 100 мың адамның басына шаққанда індетке шалдыққандардың саны 25-тен аспауы тиіс. Және вирустың тарау коэффициенті 1-ден төмен. Бұл біздің карантин талаптарына қатысты болашаққа болжам жасау үшін қажет болуы мүмкін санаттардың бірі. Одан бөлек, әрине вакцина салғызған адамдардың ұжымдық иммунитеті 50-60%-ды құраған жағдайда", - деді Ерлан Қиясов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Вице-министрдің сөзінше, алдағы наурыз айында педагогтар мен күш құрылымдардың қызметкерлеріне екпе салу басталады. Ал сәуірден бастап халықтың басқа да бөліктеріне вакцина салына бастайды. 

Айта кетсек, бұған дейін 1 наурыздан бастап еліміз бойынша карантиндік талаптардың жеңілдейтіні туралы хабарлаған болатынбыз. 
 

Талқылау