Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қаңтар айындағы ҰБТ басталды

Қазақстанда қаңтар айындағы ҰБТ басталдыФото: Ru.freepik.com

Қазақстанда қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл тестке қатысуға шамамен 187 мың адам өтінім берді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп.

Олардың ішінде:

  • 75,2% тесті қазақ тілінде тапсырды;

  • 24,6% – орыс тілінде;

  • 189 қатысушы ағылшын тілінде тапсырды.

Қызығы, өтінім берушілер тестілеу күні мен уақытын, сондай-ақ өту пунктін өздері таңдай алды, бұл әр қатысушыға барынша ыңғайлы дайындалуға мүмкіндік береді.

Ғылым министрлігінің мәліметінше, бейінді пәндер арасында ең танымалы – “Математика-Физика”. Бұл пәндер комбинациясын 19,2% қатысушы таңдаған. Әдетте бұл бағытты:

  • Мұғалімдер;

  • Инженерлер;

  • Механиктер мен техник мамандар;

  • Энергетиктер;

  • Құрылысшылар таңдайды.

Екінші орында – “Биология-Химия” (16,9%). Оны көбіне болашақ дәрігерлер таңдайды.
Үшіншісі – “Шығармашылық емтихан" (9,7%). Бұл ығармашылық бағыттағы абитуриенттердің таңдауы.

Тестілеу кезінде неге рұқсат етілген

ҰБТ кезінде қатысушыларға келесі құралдарды пайдалануға болады:

  • Калькулятор;

  • Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі);

  • Тұздардың ерігіштік кестесі.

Егер абитуриент бағалау кезінде қате кетті деп ойласа, ол тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде аппеляция бере алады. Аппеляция нәтижелері аппеляциялық комиссия шешімінен кейін “Жеке кабинеттен” көруге болады.

2026 жылғы ҰБТ форматы

2026 жылы тест форматы өзгерген жоқ. Абитуриенттер:

  • Үш міндетті пән;

  • Екі бейінді пәнді таңдап, тапсырады.

Барлық тапсырмалардың жалпы саны – 120:

  • 20 тапсырма – “Қазақстан тарихы”;

  • 10 тапсырма – “Оқу сауаттылығы”;

  • 10 тапсырма – “Математикалық сауаттылық”;

  • Әрбір екі бейінді пән бойынша 40 тапсырма.

ҰБТ-дан ең жоғарғы балл – 140.

Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. Ерекше білім қажеттіліктері бар қатысушыларға қосымша 40 минут беріледі.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға кім қатыса алады

Ғылым министрлігінің ережесіне сәйкес, қаңтардағы тестілеуге:

  • Төлем негізінде жоғары оқу орнына қабылданған, бірақ басқа бағыттарды көргісі келетіндер;

  • Шығармашылық бағыттардан басқа мамандыққа ауысқысы келетін студенттер;

  • Педагогикалық бағытқа түскім келетін абитуриенттер;

  • Өткен жылдардың түлектері мен колледж түлектері;

  • Қазақстан азаматтығы жоқ, бірақ қазақ ұлтына жататын тұлғалар;

  • Щетелде оқыған Қазақстан азаматтары;

  • Сынып түлектері, төлем негізінде оқу үшін өтінім бергісі келетіндер.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлжан Джарасова Ұлттық бірыңғай тестті халықаралық стандартталған тесттерге бейімдеу жоспарланып отырғанын айтқан еді. 

 

STAN.KZ
Сенбі, 10 Қаңтар, 2026 15:34