Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қандай вакцина түрлері қалғаны туралы денсаулық министрлігі айтты

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова қай өңірде қандай екпе түрі қалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айжан Есмағамбетова қай өңірде қандай вакцина түрлері қалғаны туралы да мәлімет ұсынды.

"Бүгінде 582 141 бірінші компоненттің дозасы, 1 млн 194 мың екінші компонент дозасы бар. CoronaVac вакцинасының 20 мың бірінші компонент дозасы бар. Барлық өңірлерде әртүрлі мөлшерде бар. Ең көбі Маңғыстау облысында. Тек Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жоқ. "Спутник V" екпесінің 581 мың бірінші компонент дозасы барлық өңірлерде бар. QazVac-тың 3000 дозасы бар. Маңғыстау және Атырау облыстарында көп. Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарында бұл вакцина қалған жоқ. "Синофармның" 6 286 бірінші компонент дозасы қалды. Бұл вакцинаның бәрі тек Маңғыстау облысында", – деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы.

"Бүгінгі таңда вакцина алғаннан кейін коронавируспен ауырудың 4 765 жағдайы тіркеліп отыр. Бірінші кезеңнен кейін 2 384 жағдай, екінші кезеңнен кейін 2381 жағдай болған. Бұл жалпы вакцина алғандардың 0,09 пайызы ғана. "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентімен 2048, екінші компонентімен 2 101 жағдай (0,09 пайыз), Hayat-Vax – 246 және 221 (0,09 пайыз), CoronaVac - 45 және 11, QazVac – 41 және 45 жағдай тіркелді", – деді комитет басшысы орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингіде.

Талқылау