Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады
Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов онлайн брифингте Қазақстанда жиі ұрланатын көлік маркаларын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстанда жиі ұрланатын көлік маркалары бар. Олар – Mercedes, Toyota, Mazda, BMW, Volkswagen және Lexus. Сосын біздің талдауымыз бойынша көлікті айдап кету оқиғалары Алматы қаласында, Қостанай мен Алматы облысында жиі болады", – деді ол.
Нұрмағамбетовтың айтуынша, 16-22 тамыз аралығында "Автомобиль" республикалық шарасы өтті. Оған 5 мыңнан астам полиция қызметкері қатысты.
Қазақстанда автокөлік сатудың қылмыстық жолдары белгілі болды
"Бір аптаның ішінде 118 көлік ұрлығы анықталды. 143 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 8 қылмыстық топ та бар", – деді Нұрмағамбетов.
Бұдан бөлек, ұрланған автобөлшектерді сатқан жүздеген кәсіпкер де жауапқа тартылды. Оларға айыппұл салынып отыр. Заң бойынша қосалқы бөлшектер арнайы дүкендерде ғана сатылуы шарт. Ал автобөлшектер біреуден сатып алынса, келісімшарт жасалуға тиіс.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
