Қазақстанда істі болған азаматтар енді құмар ойын ойнап, бәс тіге алмайды
Сенат ойын бизнесінің жарнамасына қатысты өзгерістерді мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: mellotorres.com.br
"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын реттеуге, ойын бизнесі жарнамасын таратуға шектеулерге қатысты өзгерістер енгізілді және ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына құмар ойындарының жарнамасын таратуға тыйым салатын нормалар енгізілді.
"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына бас бостандығын шектеуге сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдар үшін құмар ойындарға қатысуға тыйым салынды.
Соныман қатар онлайн платформаларда букмекерлік кеңселердің жарнамасын орналастыруға рұқсат берілмейді. Дегенмен ойын алаңдарында, компанияның ресми сайты мен спорт БАҚ-тарында жарнама орналастыруға болады.
Бұдан бөлек мобильді құрылғыларға жарнама материалдарын жіберуге тыйым салынды.