Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда ірімшік бағасы 31,4%-ға өсті

Қазан айында Қазақстанда ірімшіктің бір киллограмының орташа бағасы 4 378 теңге болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kapital.kz сайтына сілтеме беріп.

ірімшік

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бір жылда сүт өнімі 31,4%-ға қымбаттады.

Ең жоғары баға Қарағандыда, мұнда ірімшіктің орташа бағасы – 5 356 теңге. Астанадағы ірімшіктің орташа бағасы 4 880 теңгеге тең. Алматыда бір килограмы орта есеппен 4 700 теңге, Таразда – 4 782 теңге. Қонаев тұрғындары ірімшікті ең арзан бағада алады, ол 3 153 теңге болды.

“Сүт өнімі қазақстандық тұтынушылар арасында танымал емес. Орташа алғанда, 2022 жылдың екінші тоқсанында бір адамға айына 177 грамм ірімшік келді”, – деді ұлттық бюро мамандары.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда 24 409,9 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға аз.

Қазақстандық ірімшік, оның ішінде сүзбе негізінен Ресей, Армения, Қырғызстан, Әзірбайжан және Өзбекстан сияқты ТМД елдеріне экспортталады. Сондай-ақ, отандық өнім Корея мен Моңғолияға жеткізіледі. Импорттың негізгі көлемі Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан, Латвия мен Ираннан келеді.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 07 Қараша, 2022 09:44
Талқылау