Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ипотека құны өседі

Қазақстанда банктер үшін корпоративтік табыс салығын 25%-ға дейін көтеру ұсынылды. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұл өзгерістің міндетті түрде ипотекалық несиелердің құнына әсер ететінін айтты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ru.freepik.com

Мәжілісте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге корпоративтік табыс салығын көтерудің ипотекалық бағдарламаларға қалай әсер ететіні туралы сұрақ қойылды. Жұманғарин бұл салықтың көтерілуі ипотеканың құнына, сөзсіз әсер ететінін айтты.

“Әрине, ипотека мөлшерлемесі өседі. Себебі банктер бұл артық шығындарды тұтынушыларға артуға мәжбүр болады. Қазақстандағы ипотекалық нарық барынша икемді және адамдарда таңдау бар. Мысалы, "Отбасы банк". Тұтынушылар тіпті егер басқа банктерде мөлшерлеме 3%-дан жоғары болса да олар кез келген банкті таңдай алады. Бірақ өкінішке қарай, ипотекалық несиеге мұқтаж адамдар – қоғамдағы жағдайы нашар азаматтар”, – дейді Серік Жұманғарин.



Бұған дейін Қазақстанда ипотекаға қарағанда автонесие алушылардың көбейгені туралы жазған едік.

Талқылау