AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ХҚКО мен eGov.kz қызметтері уақытша жұмысын тоқтатты

eGov.kz порталының жұмысында ақау шықты. Сондай-ақ Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен екінші деңгейлі банктерде де мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" (ҰАТ) компаниясының мәліметінше, eGov.kz пен "Ашық үкімет" порталының, eGov мобильді қосымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы дұрыс жұмыс істемей тұр.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызметтерді көрсету қолжетімсіз. Қазір тізімде көрсетілген порталдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", –  делінген компания хабарламасында.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ҰАТ сервер орталығының істен шығуына байланысты eGov.kz, SB.egov.kz, Ашық үкімет порталдары, АХАЖ АЖ, "Мобильді үкімет", "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры, ЕЛ МДҚ, ЕҮТШ, ЕҮСШ ақпараттық жүйелері дұрыс жұмыс істемей тұрғанын хабарлады.

"Өкінішке қарай, бұл жүйелер халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына әсер етеді, сондықтан Мемлекеттік корпорация кеңселерінде клиенттерді қабылдау уақытша жұмыс істемейді. Қолайсыздықтар үшін тұтынушылардан кешірім сұраймыз. Қосымша ақпарттарды хабарлаймыз", – деді компания өкілдері.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр