Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда халықтың ауылдардан жаппай көшуі антирекорд орнатты

Қазақстанның ауылдарынан халық жаппай кетіп жатыр. Олардың ауылдан көшуі 25 жылдағы антирекордты жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Stan.kz

Ұлттық статистика бюро мәліметінше,  2024 жылы Қазақстан ауылдарындағы халықтың миграциялық сальдосы (-111,4 мың адам) теріс көрсеткішке жетті. Бұл соңғы 25 жылдағы ең төменгі нәтиже. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2000 жылы тіркелген еді. 

Статистика бюросының хабарлауынша, миграциялық сальдо (ауылдан кеткендер мен келгендер арасындағы айырмашылық) жыл сайын теріс мән көрсетіп келеді. Бірақ 2025 жылы жағдай басқаша. Өөйткені айырмашылық он мыңдаған емес, жүз мыңдаған адамға жетті.

Миграциялық сальдо барлық өңірде теріс болғанымен, тек Алматы облысы (+7,6 мың адам) мен Атырау облысында (+275 адам) ғана оң нәтиже байқалды.

Ал ауылдардан көшу көрсеткішіне ең көп үлес қосқан өңір – Түркістан облысы. Бұл өңірден – 29,2 мың адам көшіп кеткен. Бұл жалпы теріс көрсеткіштің 26%-ы.

Ауылдардағы табиғи өсім (туу мен өлім арасындағы айырмашылық) 96,8 мың адам болса да, ол теріс миграцияны өтей алмады. Осылайша, ауыл халқы өткен жылмен салыстырғанда -14,6 мың адамға азайды.

Керісінше, қалада халық саны +266,8 мың адамға көбейіп, елдегі урбанизация жаңа рекорд орнатты. Қазіргі уақытта қалалық халықтың үлесі 63%-ға жетті, бұл 2000 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш саналды. 

Талқылау