Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Арқалық қаласының маңында санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшырады

Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерде санитарлық авиацияның ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әуе оқиғасына қарлы боран себеп болған. 

“Апат әуежай маңында ауа райының қолайсыздығы салдарынан болды. Әуе кемесі Қостанай-Арқалық бағытында келе жатқан. Ұшақ бортында төрт адам, екі ұшқыш және екі дәрігер болған. Дабыл түскен соң оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен жедел-құтқару жасағы жөнелтілді”, – делінген хабарламада. 

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 05 Ақпан, 2025 18:53
Талқылау