Қазақстан университеттерінде гранттарға өтініш қабылдау басталды: Нәтижесі қашан шығады
Фото: Ru.freepik.com
13 шілде күні елімізде жоғары оқу орындарында білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, өтініш қабылдау бүгін басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады. Құжаттарды eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе университеттер жанындағы қабылдау орталықтары арқылы (талапкер орналасқан өңірдегі кез келген ЖОО-да) тапсыруға болады.
“Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады”, – делінген хабарламада.
ҰБТ шекті баллдары
Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:
- “Құқық” және “Педагогикалық ғылымдар” бағыттары бойынша – кемінде 75 балл;
- “Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)” бағыты бойынша – кемінде 70 балл;
- Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;
- Басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 50 балл;
- Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін – кемінде 50 балл.
Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады
Министрлік жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы екенін ескертті.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
