Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар еуропалық шиналардан бас тартып, қытайлық дөңгелектерге ауысқан

Қазақстанда еуропалық автокөлік дөңгелектерінің бағасы бір жылда 20 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Freedom drive сарапшыларының мәліметінше, бағадағы өзгерістер еуропалық дөңгелектердің Қазақстан нарығындағы үлесін 2,5 есеге төмендеткен. 

2022 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы шиналардың құны өндіруші елге байланысты айтарлықтай өзгерген. Мысалы, ресейлік дөңгелектердің бағасы 28%-ға, Оңтүстік Кореядан келетін шиналар 6%-ға, жапондық шиналар 5%-ға арзандаған. Ал танымал еуропалық маркалардың бағасы 20 пайызға өскен.

"Мұндай өзгерістер шинаның 80%-ын құрайтын шикізаттың (резеңке, мұнай өнімдері, химиялық заттар, май) қымбаттауына байланысты болды. Логистикалық маршруттарды қайта құру да әсер етті. Michelin, Goodyear, Bridgestone, Continental, Nokian Tyres сияқты брендтердің Ресейден кетуі айтарлықтай әсер етті. Олардың ресейлік зауыттары ТМД елдерін өнімдермен қамтамасыз етушы еді", – делінген сарапшылардың есебінде. 

Сапаршылардың мәліметінше, қазақстандықтар араcында қытайлық дөңгелектер сұранысқа ие. 2023 жылы қазақстандық жүргізушілердің 70 пайызы қытайлық шиналарды сатып алған. Жапондық және Оңтүстік Кореяның дөңгелектерін сатып алғандар 20 пайыз, еуропалық дөңгелек сатып алушылардың үлесі 10 пайыз. 

Еске салайық, бұған дейін 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелектермен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынатыны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау