Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда есірткі саудасымен айналысқан 15 адам ұсталды

Қазақстан полицейлері халқаралық қылмыстық топтың 15 адамын құрықтады. Олар Қазақстан аумағына есірткі тасумен айналысқан.

dr5

Сурет: www.molomo.ru 

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

«Қостанай облысының Есірткімен күрес басқармасы мен ІІМ бөлімі Қостанай Рудный, Лисаковск, сондай-ақ Қарағанды қалаларында бір уақытта тексеріс жүргізіп, халықаралық қылмыстық топтың 15 адамын ұстады. Қырғызстан, Қазақстан елінің азаматтары соңғы екі жыл ішінде еліміздің солтүстік аумағында есірткі саудасымен айналысып келген», – делінген хабарламада.
ІІМ-нің мәліметінше, үлкен көлемде героин тасымалдаған Қырғызстанның Ош қаласының тұрғыны 36 жастағы азамат.

«Ол қылмыстық ортада «Бірінші Қарлығаш» деген лақап атымен танылған, қылмыстық топ құрып, Орта Азия аумағына есірткі саудалаушының күйеубаласы», – делінген ведомствада.

Талқылау