Қазақстанда енді көлік терезесінен қолын шығарғандарға айыппұл салынады
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда көлік терезесінен қолын шығарған жолаушылар мен жүргізушілерге айыппұл салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ қозғалыс кезінде терезелер мен люктерден басқа да дене мүшелерін шығаруға тыйым салынады. Бұл заңды бұзған тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Қазақстанда терезеден дене мүшелерін шығаруға тыйым салатын заң 2011 жылдан бері қолданыста. Алайда, 2025 жылғы 13 наурызда бұл талап күшейтілді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, көлік салонынан тыс жерде адам тасымалдағаны үшін жеке жауапкершілік белгіленді.
Қазақстанда үйінің ауласында кілем жуғандарға айыппұл салынады
Енді Алматы, Астана және Шымкент қалаларында самокатты дұрыс орынға қоймағандар айыппұл арқалайды
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл талап көлік терезелері мен люктерінен бас, қол немесе аяқ шығару жағдайларына да қатысты. Сонымен қатар, көлік жүріп келе жатқанда есікті ашуға да тыйым салынады. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және жүргізушінің назарын бұзады деп бағаланады.
Жаңа нормаға сәйкес, бұл ережені бұзғаны үшін 10 АЕК (шамамен 39,3 мың теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Мұндай әрекеттерге жол берген жағдайда жауапкершілік жолаушыларға емес, жүргізушінің өзіне жүктеледі.
Жаңа талаптардың орындалуын полиция тек көшедегі патрульдер ғана емес, сондай-ақ жол бойындағы бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы да бақылайды.
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге көлік салонындағы жолаушылардың тәртібін мұқият бақылауға шақырады. Бұл әсіресе, әдемі кадрлар үшін әлеуметтік желілерге видео немесе фото түсіруге тырысатын балалар мен жасөспірімдерге қатысты.
Еске салсақ, бұған дейін Оралда жол ережесін бұзған "Өрмекші адам" мен "Супермен" айыппұл арқалағаны туралы жазған едік.

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
