Үздік оқығаны үшін бонустар: Қазақстанда шәкіртақы өсіп, оны тағайындау ережесі өзгереді
"Мемлекеттік шәкіртақыны тағайындау, төлеу және мөлшерлемелерін бекіту туралы" үкімет қаулысына өзгерістер мен толықтырулар жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay
Мемлекет басшысы білім гранттарын саралауды енгізуді тапсырған еді. Бұл идеяға сәйкес, грант оқудың барлық құнын жабуға міндетті емес, бірақ ҰБТ нәтижелеріне және білім алушының басқа көрсеткіштеріне байланысты осы шығындардың 30 пайызын өтей алады. Сондықтан қаулының жаңа редакциясында 100 пайыз грантпен оқымайтындарға шәкіртақы төлеу ұсынылып отыр.
Қазір шәкіртақы барлық студентке бірдей беріледі. Енді 2024 жылдан бастап оқу үлгерімі үздік студенттерге шәкіртақыны ұлғайту және бонустар белгілеу ұсынылды.
- Бакалаврлар үшін айына 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, үздік студенттер үшін 54 205 теңгеге дейін;
- Болашақ мұғалімдерге 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін, оқу озаттарына 86 940 теңгеге дейін;
- Магистранттар үшін 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, оқу үздігі үшін 123 120 теңгеге дейін;
- Докторанттарға 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін.
Назарбаев университетінің студенттері мен болашақ дәрігерлер ұлғайтылған шәкіртақыны ала алмайды.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен