Қазақстанда душ пен унитазға су ағызғаны үшін айыппұл салына ма – Министрлік жауап берді
Су ресурстары және ирригация министрлігі ауыз суды орынсыз пайдаланған, оның ішінде гигиеналық процедуралар үшін айыппұлдар енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде ауыз суды орынсыз пайдаланғаны үшін айыппұлды көбейтуді ұсынылып жатқаны туралы хабарлама пайда болды. Оның ішінде душ, ванна және дәретханаға көп су ағызса, 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл салынады деп жазылған екен.
"Министрлік жариялаған суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдарды көбейту жүйесі туралы нормативтік құқықтық актілерге қатысты жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл суды көп мөлшерде пайдаланатын қызмет және оны өте үнемсіз пайдаланатын кәсіпорындар мен компанияларға қатысты. Бұл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және т.б. салалар", – деді су ресурстары министрлігі.
Айыппұлдар суды тұрмыстық мақсатта пайдаланатын тұлғаларға қатысты емес деп қосты ведомство.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады