Қазақстанда доллар бағамы 479 теңгеге дейін төмендеді

Мұнай бағасының өсуі мен базалық мөлшерлеменің жоғарылауы аясында елімізде теңге нығайып жатыр. 17 наурыздағы сауда барысында доллар бағамы 479,02 теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
KASE биржасының дерегіне сәйкес, 17 наурыз күні АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 479,02 теңгеге дейін төмендеді. Ал бір күн бұрын бұл көрсеткіш 485,61 теңге болған. Осыған байланысты айырбастау пункттері де өз бағамын жедел түрде өзгерте бастады.
Halyk Bank-та долларды 476,3 теңгеге сатып алады және 483,3 теңгеге сатады.
ЦентрКредит банкі бөлімшелерінде сатып алу бағамы – 474 теңге, сату бағамы – 480 теңге.
ForteBank сайтының мәліметі бойынша долларды 480,81 теңгеге сатып алады және 481 теңгеге сатады.
Kaspi.kz сайтында сатып алу және сату бағамдары сәйкесінше 477 және 483 теңге болды.
Елімізде доллар бағамы 400 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін бе: Ұлттық банк жауап берді
Қазақстанда доллар бағамы неге түсіп жатыр: Ұлттық банк себебін түсіндірді
Айырбастау пункттеріндегі бағамдар
Kurs.kz порталының мәліметінше, 17 наурыз күні сағат 16:30-дағы жағдай бойынша мегаполистердегі айырбастау пункттерінде қолма-қол долларды сатып алу және сату бағамдары мынадай:
Астана:
- сатып алу – 476 теңге;
- сату – 483 теңге.
Алматы:
- сатып алу – 474,8 теңгеден 480,6 теңгеге дейін;
- сату – 481 теңгеден 484 теңгеге дейін.
Шымкент:
- сатып алу – 479,5 теңгеден 480,5 теңгеге дейін;
- сату – 481,5 теңгеден 483 теңгеге дейін.
Еуро бағамы да төмендеді
Еуро да арзандады. Сол уақытта оның орташа сараланған бағамы 5,92 теңгеге төмендеп, 550,3 теңгеге жетті. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 555,95 теңге болған. Соңғы мәміле бір еуро үшін 550,03 теңге бағамымен жабылды.
Ал еліміздегі айырбастау пункттерінде қолма-қол еуроның бағамы мынадай болды:
Астана:
- сатып алу – 547–550 теңге;
- сату – 557–560 теңге.
Алматы:
- сатып алу – 540–552 теңге,
- сату – 552,5–568 теңге.
Шымкент:
- сатып алу – 545–553 теңге,
- сату – 552–560 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда доллар бағамы 2024 жылғы деңгейге дейін төмендегені туралы жазған едік.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған