Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда діни сеніміне қарамастан міндетті вакцинация енгізілуі мүмкін

Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрлігі балаларға міндетті вакцина жасау туралы мәселені қарастырып жатыр.

privivka-rebenku

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

Осыған дейін елімізде діни сенімдеріне байланысты балаларына міндетті екпе жасатпайтын ата-аналар саны артып кеткен еді. Бұл биліктің осы мәселеге қатысты біржақты шешім қабылдауын талап етіп отырғандай. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, нақты шешім қабылданған жоқ, бірақ талқылау жүріп жатыр.

“Діни себепке байланысты қызына қан құйғызудан бас тартқан оқиғаны білетін шығарсыздар. Мұсылмандардың арасында да діни сенімдеріне байланысты міндетті вакцинадан бас тартып жатқандар көп. Біз адамдарды күштеп вакцина қабылдатқыза алмаймыз, демек бұл жерде мәселе азаматтардың өздерінің жауапкершілігіне тәуелді. Бұл тұрғыдан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір біз міндетті вакцинация жасау мәселесін қарастырудамыз. Мұны қолдайтындар да, қарсылар да бар, сондықтан барлық тараптың пікірін есепке алу керек”, – деді министр.

Оқи отырыңыз:

Үйлері “қызыл сызыққа” түскен Алматы облысының тұрғындары қайта бас көтерді

Түнгі уақытта ішімдіктің сатылуын тоқтатуды сұраған үш тілшінің тағы бірі қамауға алынды

12 жастағы Жәнелдің анасы отаға жиналған ақшаны неліктен қайтармай жүргенін айтты

Жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшыға шұғыл түрде қан керек

Талқылау