Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда депутаттардың жалақысына қазынадан 7,8 миллиард теңге жұмсалады

Фото: akorda.kz

Қазақстанда депутаттардың жалақысына бюджеттен қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. 

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы парламент қызметіне жұмсалатын мемлекеттік бюджет шығындары туралы мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, 2026 жылы парламент қызметін қамтамасыз ету үшін шамамен 7,8 млрд теңге бөлінеді.


Тоқаев бір палаталы парламент құруды ұсынды

"Мамасының баласы", "Поле Чудес": Мәжілісте анасын құттықтаған Ардақ Назаров қазақстандықтардың күлкісіне қалды


"Бұл қаражат нақты депутаттарды, сондай-ақ сенаттағы, парламенттегі саяси мемлекеттік қызметкерлерді және парламенттің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни мұның бәрі еңбекақы төлеуге жұмсалады”, – деді Абзал Бейсенбекұлы. 

Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жалақысының кем дегенде 20 миллион теңге болуы керек екенін айтып, сынға қалған еді. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 11 Қыркүйек, 2025 18:31
Талқылау