Қазақстанда демалыс күндері карантин енгізіледі
Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне және Қазақстанның бірнеше өңірлерінде коронавирустық инфекциялардың таралу деңгейінің жоғарылауына байланысты демалыс күндері ағымдағы жылдың 20-21 маусымы аралығында қосымша шектеу шараларын қабылдауға шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин өзінің баяндамасында айтып берді. Тұрғын саны көп қалалар мен елді мекендерде бірқатар шектеулер енгізілетін болды.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында:
- сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;
- қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;
- қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
- қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
- фитнес орталықтардың қызметі тоқтатылды;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
- "Өкпем мен бауырым ешқашан қалпына келмейді": Коронавирусқа шалдыққан қазақстандық әйел "өмірімен қош айтыса бастағаны" жайлы айтты
- Депутаттар: Қазақстанда коронавирусты анықтайтын тесттер жеткіліксіз, ауруханаларда орын жоқ
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
Халқы 50 мыңнан асатын елді мекендерде:
- қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі
2026 жылы қоғамдық тамақтану орындарында баға қалай өзгермек
Бізге дәмханалар жауап берді