Қазақстанда дельфинарийге тыйым салынады
Жануарларды қорғау туралы жаңа заң жобасында Қазақстанда дельфинарийлерге тыйым салу туралы норма қарастырылады. Бұл туралы экология, геология және жер қойнауын пайдалану министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасына елдегі дельфинарийлерді жабу туралы норма енгізіледі. Қазірдің өзінде бұл норманы заң жобасына кіргіздік. Кейінгі кезде бізге қоғам өкілдерінің де, халықаралық қоғам қайраткерлерінің де дельфинарийлерді жабу мәселесі бойынша жүгінгенін білесіздер. Сол себепті бұл норманы әзірледік", - деді министр.
Мырзағалиевтің сөзіне қарағанда, норма дельфинарийлерге тыйым салуға ғана емес, сонымен қатар басқа да жабайы жануарларды ұстауға да әсер етеді.
Бұған дейін министр Қазақстанда жануарларды қорғау туралы заң қашан күшіне енетінін хабарлаған.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ