Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бубон обасымен ауырғандар бар ма: Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде бубон обасымен ауырғандар тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша мұндай жағдай Қазақстанмен шекаралас аймақтарда тіркелген. Алайда елімізде қазіргі таңда індеттің бұл түрін жұқтырғандар тіркелмеді. Шекара қызметінде қатаң талаптар қойылып, жағдай бақылауға алынған. 

"Бұл ақпарат расталды. Моңғолияда, Алтай, Ресей Федерациясының Алтай жағында табиғи бубон обасын тасымалдайтын жануарлардың мекені болғандықтан жыл сайын бұл індет тіркеледі. Қазақстанда бубон обасымен ауырды деген, жұқтырды деген мәлімет жоқ. Өйткені шекарада тосқауыл қойылған. Кәдімгідей санитарлық шаралар жүргізіліп жатыр", - дейді Бағдат Қожахметов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймағында бубон обасы тіркелгені белгілі болған. 

Сонымен қатар, Қытайдың бірнеше аймағында індеттің осы түрі таралғаны туралы ақпарат тараған.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2020 14:52
Талқылау