Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл 11 рет теракт жасалмақ болған

Ұлттық қауіпсіздік комитетітеракт жасалмақ болғандардың жолын кескен. Тіпті арнайы қызмет биыл Қазақстанда қанды қырғын жасамақшы болған 157 адамды соттапты, деп хабарлайды КТК.

Фото:НТВ

Бұдан бөлек 800-ге жуық отандасымыз әлі де бүлік шыққан мемлекеттердегі соғыста жүр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтің келтірген мәліметтерінде 400 ересек пен 390 бала туралы айтылды. Олардың барлығы сырттағы қарулы бүлікке отбасымен аттанғандар. Ал бүлік басталған 2011 жылдан бері таяу шығыста 220-дан астам жерлесіміз ажал құшыпты.

Сонда бөтен елге кеткен радикалды азаматтарымыздың саны мыңнан асып түседі. Олардың арасында райынан қайтып, оралған 125 адам бар. Жүз жиырма бестің елу сегізі жазаға тартылып, қалғаны діни қызметкерлер мен күштік құрылымдардың қадағалауына алынған.

“Қақтығыс ошағында жүрген қазақстандықтардың басым көпшілігі Сирияда. Олардың барлығын болмаса да, белсенді деген содырлардың нақты қай жерде екенін білеміз. Олардың Қазақстанға кірмеуін қадағалап отырмыз. Ал олардың отбасылары көшіп-қонып жүретіндіктен анықтау қиынырақ”, – дейді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

Арнайы қызмет Сириядағы азаматтарымызды өлі күйінде де, тірі күйінде де Қазақстанға қайтаруды көксемейді. Бірақ өз еркімен елге оралам деушілерді қабылдайды, бірақ қатаң шартпен. Мәселен ресейлік серіктестердің көмегімен елге қайтарлыған оралдық келіншекпен қатаң бақылауда көрінеді.

“Ол әйелдің Сирияға аттану себептерін анықтау керек. Ол кісінің күйеуі террорист екені белгілі, оған қатысты барлық ақпарат бар. Сіздер дұрыс түсініңіздер, мемлекеттің бәрін жаппай жазалау мақсаты жоқ. Бастысы оның елде теріс ақпарат таратып, айналасындағылардың санасын улауына жол бермеу”, – дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Мемлекет лаңкестердің қатарын толтырған азаматтарды қоғамнан оқшаулаудан бөлек, адасудың алдын алу шараларын да кешенді түрде жүргізіп жатыр.

Мәселен мұсылман мемлекеттерде білім алып жатқан қазақстандық жастардың саны төрт жүзден жүз отыз беске дейін қысқарыпты. Ал Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірлеген Діни қызмет туралы заңға өзгерістер мақұлданса, ілім іздеп сыртқа шығатындардың саны тіпті азаймақ. Бұл туралы 20-00-дегі қортынды жаңалықта жан-жақты қамтып айтып береміз.

Тағы да оқыңыз:

Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім

Қылмыс әлемінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен танылған Бақыткелді Баясов деген кім?

Биыл қазақстандықтар ғаламтордан нені көп іздеді?

Талқылау