Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бірнеше күн бойы интернет болмады: Қазақстандықтар үшін абоненттік төлем қайта есептеле ме?

Әзірге Қазақстандағы байланыс операторларының бірнеше күн интернеттің болмауына байланысты өтемақы төлеу жоспарлары жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Stan.kz Қазақстандағы байланыс опрераторларынан “соңғы күндері интернеттің болмауына байланысты абоненттік төлем қайта есептеле ме?” деп сұрап көрді.

“Қазақтелеком” компаниясы жариялаған абоненттерді қолдау шараларының тізімінде абоненттік төлемді қайта есептеу туралы ақпарат жоқ. 

Алайда " Қазақтелеком” осы жылдың қаңтарында жеке тұлғаларға телекоммуникация қызметтерін төлеу мерзімін кешіктіргені үшін өсімпұлды есептеуді тоқтатқан. 

"Қазақтелеком" АҚ тіркелген интернет қызметтерінің барлық пайдаланушыларына iD TV және TV+ цифрлық телевизия сервистері интернет желісіне қосылмай-ақ тіркемелерде, қосымшада, сондай-ақ tv.telecom.kz. сайтында қолжетімді. Қазіргі уақытта сервисті қазақстандық телеарналар ретрансляциялайды”, – деп хабарлады “Қазақтелеком”  компаниясының баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ "Қазақтелеком" компаниясы TV+ сервисін басқа операторлардың, соның ішінде ұялы байланыс операторларының желілерінде қолжетімді ету үшін бар күшін салатынын хабарлады. 

"Қазақтелеком" барлық абоненттеріне 2022 жылғы 31 қаңтарға дейінгі мерзімде лимитсіз қалааралық қоңыраулар, сонымен қатар тіркелген қалалық телефоннан ҚР ұялы байланыс операторларының нөмірлеріне қосымша ақысыз 1000 минут береді”, – деді компаниядан. 

Бұнымен қоса KCell баспасөз қызметі осы уақытқа дейін абоненттік төлемді қайта есептеу туралы мәселе басшылықпен талқыланбағанын айтты. Ал Beeline компаниясы бізге ақпаратты кейінірек жібереміз уәде етті. 

Талқылау