Қазақстанда бір аптадан кейін смартфондар бұғатталады – Қалай жағдайдың алдын алу керек
Фото: pixabay.com
25 мамырдан бастап Қазақстанда ресми тіркелмеген смартфондарды бұғаттау басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы орайда қандай телефон жұмысын тоқтатады және ондай жағдайды қалай болдырмау керек, деген сауал туындайды.
Бәрі неден басталды?
Биыл 24 наурызда Қазақстанда смартфондарға қатысты жаңа ережелер енгізілді. Енді барлық құрылғылар үш тізімнің біріне кіреді:
Ақ тізім – тексерілген және ресми тіркелген телефондар.
Сұр тізім – жағдайы нақты емес смартфондар. Олар тексеріліп жатқанда 30 күнге дейін жұмыс істеп тұрады;
Қара тізім – қате немесе жалған IMEI коды бар құрылғылар. Олардың байланысы мәңгілікке үзіледі. Мұндай телефонды 24 мамырға дейін тексеріп, тіркеуге болады. Белгіленген күннен кейін қазақстандық ұялы байланыс желілерінде "қара" тізімдегі смартфондар жұмысын тоқтатады.
“Егер сатып алушы телефонды қазақстандық маркетплейстер арқылы сатып алса, онда ол құрылғыны отандық сатушыдан алады. Мұндай жағдайда құрылғыны дәл сол сатушының өзі верификациялайды. Қазір қазақстандық маркетплейстер құрылғылардың сипаттамасында IMEI-кодты сайтта тікелей көрсету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл сатып алушыға тапсырысты рәсімдеу кезінде құрылғының IMEI-кодын алдын ала көруге мүмкіндік береді”, –делінген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарламасында.
"Ақ", "сұр" және "қара" смартфондардың тізімдерін енгізу дистрибьюторлардың жұмысына тыйым салуды білдірмейді. Бұл ақпарат құрылғыларды тексеру процедурасына, яғни олардың IMEI кодтарын тексеруге және тіркеуге қатысты.
Смартфондардың сатылымы шектелмейді. Егер смартфондар тексерілген болса, бизнес өз жұмысын жалғастырады. Цифрлық даму министрлігі барлық сатып алушыларға IMEI-ді алдын ала тексеруді ұсынды.
Жаңа талаптардың мақсаты – көлеңкелі нарықпен күресу. Жаңа ережелер 2024 жылдың 24 наурызынан кейін елге әкелінген құрылғыларға қатысты. Қазір Қазақстанға осындай смартфондардың қаншасы әкелінгені белгісіз.
Сатушыларға 24 мамырға дейін қоймалардағы сатылмай қалған құрылғыларды верификациялауға уақыт берілді. 25 мамырдан бастап IMEI тексеру және тіркеу платформасы жұмысын жалғастырады. Сатушылар жаңа құрылғыларды сол жерден тіркеп отыра алады. Алайда дәл осы күннен бастап верификацияланбаған смартфондар ұялы байланыстан ажыратылады.
Телефонның IMEI кодын қалай тексереді?
Қазақстанда мобильді құрылғыларды тексеруге арналған арнайы сайт бар — imei.rfs.gov.kz.
Ол жерден мынаны біле аласыз:
- Құрылғыңыздың дерекқорда тіркелген-тіркелмегенін;
- Сіздің ЖСН-ге қанша телефон нөмірі тіркелгенін;
- Сіздің IMEI-кодыңызға қанша нөмір бекітілгенін білуге болады.
Назар аударыңыз: тек IMEI-кодтың алғашқы 14 цифры есепке алынады.
IMEI-ді қалай табуға болады?
IMEI-ді білу үшін телефонда *#06# кодын теру керек . Сосын экранда IMEI пайда болады.
- Android жүйесінде: Параметрлер → Телефон туралы → IMEI бөліміне өтіңіз;
- iPhone телефонында: Параметрлер → Жалпы → Туралы → IMEI.
Сондай-ақ қораптағы немесе кепілдік талонындағы кодты қарау ұсынылады. Телефонда алынбалы батарея болса, IMEI батареяның астында көрсетіледі.
Тексеру бірнеше минутқа созылады және қосылым мәселелерін болдырмауға көмектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылдың 24 наурызынан бастап мобильді құрылғыларды тіркеу ережелері өзгеретінінжаздық. Бұл жаңашылдықтар тек сол күннен кейін елге әкелінген телефондарға қатысты. Қазақстанда қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған және дерекқорға енгізілген құрылғылар еш қиындықсыз әрі қарай қолдана береді. Қазір елде 3,7 миллионға жуық телефонның IMEI коды қайталанып тұр. Бұл заңсыз әкелінген құрылғылардың көп екенін көрсетеді. Мұндай жағдай телефон ұрлығын көбейтіп, құрылғылардың қайдан келгенін бақылауды қиындатады. Сонымен қатар әділетсіз бәсекелестікке жол ашады дейді мамандар.

1 теңге салықтық қарызы үшін депозиттен ақшасын ала алмаған: Қазақстандық әйел банктен қаржы алу кезінде тап болған қиындығын айтты
