Қазақстанда биыл ауыр қылмыстың саны өсті
Елімізде ауыр қылмыстың саны 73 пайызға өскен. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ахметжанов Марат Мұратұлы онлайн брифинг барасында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Биылғы жылы кәсіби ұрылардың қатары көбейді. Бұл ауыр қылмыс санының өсуіне әсер етті. Ол 73 пайызға өсті. Сонымен қатар, сотқа қылмыстық істер көп жіберілетін болды. Соған сәйкес, әділ шешім шығарылып жатыр", - дейді Ахметжанов.
Ол ауыр қылмыс жасағандарды жазалау қатаң түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан әділетті жаза тағайындайтын алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына кіретінін түсіндірді ол.
"Ауыр қылмыс жасау құқық қорғау органдарының ерекше назарында. Мұндай істерге тек қана мықты мамандар жіберіледі. Халықаралық қылмыстық әділеттілік индексі бойынша Қазақстан 58 орынға жайғасты", - дейді Ахметжанов.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ