Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда баланы жаңа мектепке ауыстыру ережесі өзгерді

Қазақстанда баланы жаңа мектепке ауыстыру ережесі өзгертілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Жаңа ереже туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. 

"Оқушыны мектептен мектепке тек демалыс кезінде көшіру туралы шектеу алынып тасталды. Осылайша, жаңа ережеге сәйкес, балаларды оқу жылы ішінде де тұрғылықты жері бойынша мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар", – делінген министрлік хабарламасында. 



Еске салсақ, Қазақстанда 1 сәуірден бастап осы жылы бірінші сыныпқа мектеп оқушылары үшін құжат қабылдау басталды. Өтініштер электронды форматта eGov.kz электронды үкімет порталы және “e-Білімал” жүйесі арқылы қабылданады.

Талқылау