Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балалары кішкентай ата-аналарға икемді жұмыс кестесін қою ұсынылды

Фото: pixabay.com

Қазақстандық шенеуніктер кішкентай балалары бар ата-аналарға икемді жұмыс кестесін ұсынуды сұрады. Айтуларынша, жұмыс берушілер түсіністік танытып, ата-аналарға ұл-қыздарымен мейлінше көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік бергені жөн. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Олар бала қауіпсіздігі – қоғам жауапкершілігі екенін алға тартты. 

“Біз жақында ғана жұмыс берушілермен кездесіп, жиын өткіздік. Оның ішінде ірі кәсіпорындар да бар. Біздіңше, жұмыс берушілер, әсіресе жас балалары бар отбасыларға түсіністікпен қарауға тиіс. Мысалы, жұмыс кестесін икемдеп, не кәсіпорын маңынан балабақша ашу мәселесін ойластырғаны жөн”, – деді Жастар және отбасы комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисова.

Яғни, күн ұзақ жұмыс істейтін ата-аналарға баласын балабақшаға немесе мектепке апарып тастап, алып кету ыңғайлы болғаны абзал. Мәселе әсіресе жаз айларында өзекті екен. Себебі, көп жағдайда каникул кезінде балалар үйде жалғыз қалып жатады. Салдарынан, түрлі оқыс жайттар тіркелуі мүмкін.



Сондай-ақ, биыл "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында әр баланың шотына 129 доллардан түскен. Және қазір "Келешек" ерікті жинақ жобасы да жұмыс істеп тұр. Бұл бағдарламалар балаларға алдағы уақытта қалаған мамандығын меңгеруге не тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесуі тиіс. 

STAN.KZ
Жексенбі, 01 Маусым, 2025 20:02
Талқылау