Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігінің үш жылдық жоспары әзірленді
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігі жоспарының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жоспар келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:
Тамақ өнімдерінің физикалық қолжетімділігі. Нысаналы индикатор: Отандық азық-түлік өнімдерімен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз ету деңгейі кемінде 80%.
Азық-түлік өнімдерінің экономикалық қолжетімділігі. Нысаналы индикатор: Азық-түлік тауарларына тұтынушылық шығыстардың үлесі 30%-дан аспайды.
Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі. Нысаналы индикатор: Халықтың азық-түлік тауарларының сапасына қанағаттану деңгейі 80%-дан кем емес.
Олардың әрқайсысына қол жеткізу үшін шаралар әзірленді.
Мәселен, нарықтық жағдайларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін, мал басы мен мал шаруашылығының өнімділігін арттыру, сондай-ақ жаңа резервтерді анықтау (суармалы жерлерді, органикалық заттарды кеңейту) есебінен арттыру жоспарлануда.
Жоба 24 ақпанға дейін талқылау үшін порталда жарияланды.
Қаңтар трагедиясы: Көз жұмған және жарақат алған балалардың саны жарияланды

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
