Қазақстанда азық-түлік бағасының қымбаттау себебі айтылды
Биылғы жылғы ақпандағы жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды. Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне ең көп үлес қосуын жалғастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы үкімет отырысы барысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтып берді.
"Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі ішкі нарықтағы шектеулі ұсынысқа, әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың және отандық өндірушілер бағаларының өсуіне байланысты жекелеген тауар нарықтарындағы теңгерімсіздіктің сақталуынан биылғы жылғы қаңтардағы 11,4%-тен ақпандағы 11,6%-ке дейін жеделдеді", - дейді Досаев.
Өткен айларда байқалған ет және ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар бағалары өсуінің баяулауы биылғы жылғы ақпанда тоқтатылды.
"Азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі қатарынан 9 айға созылып, бұл ФАО азық-түлік бағалары индексінің көп жылдық максимумына әкелді. Инфляцияның азық-түлікке жатпайтын және сервистік құрамдас бөліктерінің динамикасы әлсіз тұтынушылық сұраныс аясында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,3%-тен 5,2%- ке дейін, ақылы қызметтер инфляциясы тұрғын үй-коммуналдық реттелетін қызметтердің жекелеген түрлеріне тарифтердің төмендеуі есебінен 4,1%-тен 3,9%-ке дейін баяулады. Жеке адамдарға қызмет көрсету және демалыс қызметтеріне бағалардың өсуі жалғасуда", - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.
- Елімізде азық-түліктің қымбаттағаны үшін шенеуніктер жазаланады
- "Азық-түлікті ұрлап, сатқан": Қазақстанда онкологиялық науқастарға арналған шипажай директорына қатысты тергеу басталды
Биылғы жылғы ақпанда халықтың инфляциялық болжамдар өзгерген жоқ, бұл ретте тамақ өнімдерінің жекелеген нарықтарындағы теңгерімсіздікке тұрақсыз және сезімтал күйде қала берді. Алдағы жылға арналған инфляцияның сандық бағалауы 6,7%-ті құрады. Респонденттердің арасында белгісіздіктің жоғары деңгейі сақталуда – пікіртерімге қатысқандардың үштен бір бөлігінен астамы өз күтулерін бағалауға қиналды.