Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан AZAL қара жәшігінен тарап кеткен ақпаратқа қатысты ресми пікір білдіруден бас тартты

Еліміздің көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатының себептерін анықтайтын комиссия алдын ала есеп жарияламайынша расталмаған ақпаратқа қатысты пікір білдірмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖМ

“Қазақстанның Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссияның жұмысы жалғасып жатыр. Алдын ала есеп жарияланғанға дейін комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді”, – деп мәлімдеді көлік министрлігі.

Қазір комиссия оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

“Еске сала кетейік, комиссия Қазақстан заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес, алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады”, – делінген хабарламада.



Бұған дейін, әзірбайжандық басылым Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағының ұшқыштары мен диспетчерлер арасындағы әңгіменің толық нұсқасын жариялаған еді. Диспетчерлер әуелі Грозныйға, сосын Махачкалаға қонуды ұсынып, экипажға Ресейдің басқа әуежайлары туралы ақпарат берді, бірақ экипаж бұл жерге қонбауды ұйғарды. Оның үстіне жазбалардан құстармен соқтығысу, борттағы жарылған газ баллоны туралы нұсқаны ұшақ экипажы диспетчерлермен сөйлесіп жатқан кезінде айтқаны белгілі болды.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде экипаж мүшесі бесеу. Апат салдарынан 38 жолаушы қайтыс болды, 29 адам аман қалды. 30 желтоқсанда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) бұл оқиғаны мұқият және әділ тергеуге шақырды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлік пен кәсібилігі үшін наградтады.

Талқылау